«Swala la la» деп жаңа бағытта ән салған «Kesh yo» тобының қыздары сыннан көз аша алмай қалды. Алайда олар бейнебаянға қатыстының барлығы Баян Мақсатқызының идеясы екендігін жеткізді. Топ қыздары продюсерге қарсы шыға алмайтындарын «Айта берсін» бағдарламасына айтып берді.
Жаңа әндері мен бейнебаяндарының негізгі мақсатын түсіндіре алмаған топ қыздары бұл сынаққа дайын болғандарын да айта кетті. «Образымыз қызық болды. Ол Баян Мақсатқызының өзінің ойынан туындаған. Шашымыздың, қасымыздың түсі қызыл, көк, ақ болды. Неше түрлі жылтырлар жағылды. Әрине, шетелде көп қой. Бірақ Қазақстанда бірінші бізде болған сияқты, сондықтан өте қызық болды”, – дейді бойжеткендер Swala la la әнінің клипі жайында.
Сондай-ақ «Кеш Ю-ліктер» продюсердің пікіріне қарсы шыға алмайтындарын айтты. «Біз ол кісілерге қарсы пікір білдіре алмаймыз. Қай әнді айт десе айтып шығамыз. Өз пікірімізді айта аламыз, бірақ 100%-ға кие алмаймын деп айта алмаймыз», — деді қыздар.