Баян Мақсатқызы мен Тұрсынғали Алагөзовтің неке қиған сәтінен видео жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видеоны продюсер Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. «Алагөзова Баян Мақсатқызы», — деп жазған ол видеоның сипаттамасына. «Бүгін шамамен сағат 15.30-да Медеу аудандық АХАЖ-да неке қию рәсімі өтті», — деді Тұрсынғали Алагөзов Tengrinews.kz тілшісіне. Алагөзовтің айтуынша, үйлену тойы кейінірек өтеді.