Танымал продюсер Баян Алагөзова қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтып, бала тәрбиесіндегі өз тәжірибесімен бөлісті.
Stan.kz. хабарлағандай, тек махаббат пен сенім: Баян Алагөзова қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді
Алагөзованың сөзінше, бала есейгенде, онымен арадағы қатынас тек сенім мен махаббатқа негізделуі тиіс.
«Қызың бойжеткенде, тек ана емес, дос болып қалуды қалай жүзеге асыруға болатынын ойлайсың. Себебі кшкентай балаң өсті, тіпті өзіңді де әлденеге үйрете алады. Тек махаббат пен сенім керек. Тіпті балаңыз қателесіп жатса да, кінәлап, жазғыруға болмайды», – жазды Баян Алагөзова Instagram желісіндегі парақшасында. Сондай-ақ, продюсер мектептегі ата-аналар жиналысына ешқашан бармағанын мойындады.
«Мен ешқашан балаларыма шарт қойып, тыйым салып, ережемен өмір сүруін талап еткен емеспін. Достарымен, құрбыларымен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынасына араласпадым. Тіпті қатты сенгендіктен, мектептегі жиналыстарға да барған емеспін. Мен – осындай анамын. Бұрын «Балаңызды тәрбиелемеңіз, өзіңізді тәрбиелеңіз. Себебі балаңыз өзіңізге ұқсайтын болады» деген жолдарды оқыған едім. Менің жаман не жақсы екенім маңызды емес. Мен үшін осы сөздер маңызды», – дейді продюсер.