jasqazaq.kz

Баян Алагөзова денсаулық министріне неге шүйлікті?

05 маусым 2018, 11:10

Елімізде өршіп тұрған менингит ауруынан аз уақытта 13 адам ажал құшып үлгерді. Олардың арасында кішкентай балалар мен апталдай азаматтар да бар. Екпесін қарапайым халықтың қалтасы көтермейтін аталмыш ауруға бей-жай қараған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты Баян Алагөзова сынға алды.
NUR.KZ. хабарлағандай, продюсер елді дүрлікпеуге шақырған министрдің ісіне наразы екенін жасырмады.
«12 адам қаза тапты. Сонда да министр бізді дүрлікпеуге шақырды. Сондай-ақ жалпылама екпенің болмайтынын да айтты. Билік орнынан қозғалу үшін әлі қанша адам өлу керек?
Менің өзім балаларымның сыртқа шықпауын қадағалап, күніне бірнеше рет хабарласып, жағдайларын сұраймын. Қазақстандықтар қайда барып, қандай ем ала алады? Дәрігерлер науқастарды әр ауруханаға сүйрелеп жүріп, ортада уақыт өткізіп жатыр. Ақыр соңында бар кінәні қаза тапқандардың өзіне аударып, олар кеш қаралғандықтан емдей алмағандарын айтады. Менингитке қарсы екпе қымбат та, ал 12 адамның өмірі ойыншық болғаны ма? Әлі қанша адамның қаза тапқанын күтуіміз керек?», — деді Алагөзова Instagram парақшасында.
Айта кетейік, аз уақытта менингит ауруынан 13 адам қаза тапты. Оның біреуі Қызылорда облысынан, бірі Астана қаласынан. Ал ажал құшқандардың көпшілігі Алматы облысынан. Олардың арасында балалар мен әйелдер, апталдай азаматтар бар. Қазіргі уақытта менингитке қарсы екпенің бағасы — 22 500 теңгеден болып жатыр. Бұл баға еместігі, алдағы уақытта 27 мыңға дейін қымбаттайтыны да айтылуда.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр