jasqazaq.kz

Батырхан Шөкенов атындағы «Отан-ана» ІІ республикалық әншілер конкурсы аяқталды

19 мамыр 2018, 15:49

Қызылорда қаласында 16 мамыр күні басталған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкенов атындағы «Отан-Ана» ІІ республикалық орындаушылар конкурсы аяқталды.

Бұл шара Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына тұспа-тұс келiп отыр. Республикалық байқауға 18-30 жас аралығындағы әншілер өтiнiш жiбердi. Ал қатысушылардың өнер көрсету реттілігі алдын-ала жеребе таңдау арқылы анықталды. Байқауда әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат етiлмедi.

Биыл ән сайысына еліміздің барлық қалаларынан және Өзбекстаннан 25 орындаушы қатысып, бағын сынады.

Өнерпаздардың талантына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Әбдрахманов, әнші Дильназ Ахмадиева, композитор Ринат Гайсин, Еркеш Шакеев, Батырхан Шөкенов атындағы қордың директоры болған Олжас Байқановтар баға берді.

Байқау қорытындысы бойынша, Бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ерік Төленов алды. Бірінші орынды қарағандылық Гүлнар Көшенова, екінші орынды Батыс Қазақстан облысы атынан қатысқан Айымбек Сартуков және үшінші орынды қызылордалық Индира Байымбетова мен астаналық Күләйім Қайырбаевалар иеленді. Сонымен қатар, Шөкеновтер отбасының арнайы жүлдесімен алматылық Сырымтай Еңсепов, қала әкімінің арнайы жүлдесімен ақтөбелік Нұртас Омаров және қызылордалық Тұрғанәлі Шарапов марапатталды. Ал Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы жүлдесі Арайлым Маханбетжановаға берілді.

18 мамыр – Батырхан Шөкеновтің туған күні. Осыған орай әншінің туған жерінде оның ескерткіші қойылды. Бұл бастаманы 2016 жылы облыстық жастар саясаты мәселелері басқарамасы көтерген болатын. Ал 2017 жылы арнайы облыстық комиссия бұл ұсынысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жіберді. Ескерткіштің эскиздік жобаларын таңдау облыстық «Сыр бойы» газет басылымы мен әлеуметтік желілер арқылы жүргізілді. Конкурсқа жалпы саны 13 эскиздік жоба келіп түскен. Солардың арасынан 2017 жылғы 7 сәуірдегі Мемлекеттік комиссияның шешімімен мүсінші Мұрат Мансұровтың жобасы үздік деп танылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 3,6 метр, ал мүсіннің биіктігі – 2,2 м (2Н.В) қоладан жасалған, тұғырының биіктігі – 1,6 м.

Сондай-ақ, конкурсанттар Батырхан Шөкенов ескерткішінің ашылуына қатысып, ескерткіш маңына тал екті. Кешке Қызылорда қаласының орталық алаңында конкурс жеңімпаздары мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт өтеді.

Конкурсты ұйымдастырушы: Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және «Таңдау» продюсерлік орталығы.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен