jasqazaq.kz

Батыр атындағы жарыс басталды

08 қараша 2023, 12:04


Алматы әкімдігі Білім басқармасы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағамбетовтің құрметіне арналған волейбол турнирін ұйымдастыруға ұйытқы болды.
Жарыс даңқты батырдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отыр. Ондағы мақсат – ер есімін ардақтау, тарихи жадыны сақтау және өскелең ұрпақты рухта тәрбиелеу болып табылады.


Жарыстың салтанатты ашылуы армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде өтті. Дүбірлі додаға Астанада орналасқан 16 колледждің командалары қатысып, өзара бақ сынауда.


«Атамның Аманаты» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев былай дейді:
-Жалпы, біздің ұйым Қазақстан жастарына әскери-патриоттық тәрбие беру ісімен белсенді түрде айналысып келеді. Біз бұл іс-шараларды жастар үшін қызықты етіп ұйымдастыруға тырысамыз. Жарысқа қатысушы әрбір командаға қазақстандық Кеңес Одағы батырларының есімдерін бердік. Мысалы, Нұркен Әбдіровтің атындағы команда оның қай жерде туып-өсіп, қандай ерлік жасағанын білуге тиіс. Спорт – осы бағыттағы тиімді құралдардың бірі.
Студенттер арасындағы жарыстың жеңімпаздары осы жылдың 17 қарашасында өтеді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан