АҚШ-тың Мэриленд штатында тұратын 13 жасар баланың бас сүйегіне 15 сантиметрлік шеге кіріп кетті. Дариус Форман ағаштың үстіне үй салып жатып, бес метрлік тақташаны пайдаланған. Бір кезде сол тақташасы өзінің басына түсіп кетеді, деп хабарлайды Вaq.kz.
Джон Хопкинс ауруханасында жасалған рентген суреттерінен шеге мидың екі бөлігінің тура ортасында тұрып қалғанын көруге болады. Ол қан тасымалдайтын ең үлкен каналға кіруге сәл-ақ қалған. Доктор Алан Коэннің айтуынша, егер мидың бұл бөлігі зардап шексе, онда баланың жағдайы мәз болмас еді.
Жасөспірім ауруханаға басына түскен тақташамен бірге келді. Ота жеті сағатқа созылды. Қазір оның жағдайы жақсы. Дариус шегені өзіне естелік ретінде үйіне алып кетті.
«Ешқашан ағаштың үстінде үй тұрғызбаңыз», — деді бала.