Американың G-лигасындағы Гранд-Рапидс және Детройт Пистонс командалары арасындағы матчтың финалында 26 жастағы Зек Апшоудың жүрегі тоқтап қалды.
Вaq.kz хабарлағандай, матчтың аяқталуына 40 секунд қалғанда баскетболшы аяқ астынан құлап, ештеңені сезбей қалды. Ойыншы бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы өте нашар. Айта кетсек, Хорватия чемпионатында «Марсония» мен «Славония» арасындағы матч кезінде Бруно Бобан есімді футболшы кеудесіне тиген доп соққысынан қайтыс болды.