jasqazaq.kz

Бас прокурор зорланды делінген баланың ісіне қатысты тапсырма берді

16 наурыз 2018, 15:53

Арнайы прокурор ОҚО-да зорланды делінген жеті жасар балаға қатысты істі өндіріске қабылдады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бас прокурордың тапсырмасы бойынша арнайы прокурор Оңтүстік Қазақстан облысының кішкентай тұрғынына қатысты зорлық әрекеттері туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне қабылдады. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданды», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, процестің барлық қатысушысының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылатыны айтылады. «Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында. Істің фигуранттары жасөспірім болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарының құпиялылығын сақтау қажеттігін ескертеміз. Жеке өмір туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткен үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», — делінген Бас прокуратураның сайтында. Сонымен қатар, тергеу нәтижесі туралы ақпарат жасөспірімдердің құқығы мен заңды мүдделерін ескере келе, қоғам назарына тиісті көлемде жеткізілетіні айтылады. Мұның алдында ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиева зорлық көрді делінген жеті жасар баланың анасы онымен байланысқа шыққанын айтып, баланың бүгін анасымен кездесетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, осыған дейін ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиеваның зорлық көрді делінген оқушы баламен кездескені хабарланған болатын. Бәлиеваның айтуынша, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау мақсатында тергеуші балаға ешкімнің де қандай да бір сұрақ қоя алмайтын қаулы шығарған. Еске салайық, Желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат тараған. Кейін TVK мәліметінше, ОҚО ІІД өкілдері бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Алайда күдіктілер немесе ұсталып, қамалғандар жайлы ешқандай мәлімет түспеді. Артынша білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сараптама қорытындысы оқушы баланың зорланғанын растағанын хабарлаған.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен