jasqazaq.kz

Бас мүфти: Біз дінді саясаттың құралына айналдырмауымыз керек

02 наурыз 2018, 13:41

Астанада өтіп жатқан Еуразия мұсылмандары форумында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз дінді саясиландырып, оны басқа мақсатта пайдаланбау қажеттігін айтты. Бұл туралы Baq.kz-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

Алдымен Серікбай қажы Ораз жат діни ағымдардың идеологиясына төтеп беру үшін Еуразия мұсылмандарын бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

«Еуразия мұсылмандары радикализмнің кез келген түрін, оның ішінде діннің атын жамылған содырлық әрекеттерді қолдамауға тиісті. Керісінше, исламға қатысты ксенофобия орын алмас үшін діни радикализмге қарсы орынды сын айтып, ортақ ұстанымдарымызды жариялап отыруымыз керек», — деді ол.

Осы орайда Бас мүфти Еуразия құрлығындағы мұсылмандардың басым бөлігі зайырлы мемлекеттерде тұратынын айта келе, дінді саясиландырмау қажеттігін атап өтті.

«Еуразия кеңістігіндегі мұсылман халықтары негізінен зайырлы мемлекеттерде өмір сүруде. Әлбетте зайырлы мемлекеттің де өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен дінді саясиландырмау қағидасы зайырлы мемлекеттердің барлығына ортақ деп санаймын. Олай болса, біз қандай жағдайда да дінді саясаттың құралына айналдырмауымыз керек», — деді ол.

Осы орайда Серікбай қажы Ораз әлемдегі діни ахуалдың күрделенуі дін қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыратынын жеткізді.

«Күрделенген діни ахуал дін қызметкерлерінің жауапкершілігін одан сайын арттыра түсті. Осы мақсатта мүфтият екі рет республикалық имамдар форумын, Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын, имамның тұлғалық келбеті, үздік зияткер имам сынды тәлімді құжаттарды қабылдады», — деп түйіндеді сөзін Бас мүфти.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді