Барселона жанкүйерін жерге қаратты (видео)

15 ақпан 2017, 18:21

Екі ай үзілістен кейін УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалымен қайта жалғасуда. Алғашқы екі кездесу Франция және Португалияда өтті. «ПСЖ» өз алаңында «Барселонаны» 4:0 есебімен ірі есеппен жеңіске жетсе, «Бенфика» Лиссабонда Германиядан келген  дортмундық «Боруссияны» 1:0 есебімен жеңді.

 

«ПСЖ» «Барселона» 

«ПСЖ» клубының бас бапкері Унаи Эмери өзінің мансабында каталондық клубты ешқашан ұтпаған. «Валенсия», «Спартак», «Севилья» клубтарын жаттықтырып жүрген уақытында «Барселонамен» бірнеше рет кездессе де, ең жақсы көрсеткіші тең нәтижелі ойын болған. Ал «ПСЖ» футболшыларымен Парижде «Парк де Пренсте» стадионында 47000 жанкүйерлердің қолдауымен, «Барселонаның» тас-талқанын шығарды. Топтық кезеңде Арсеналға көш бастатып, екінші орынмен плей-офф кезеңіне шыққан париждік клуб, ешкім күтпеген ойын көрсетті. Өз жанкүйерлерінің алдында бар күшін салған алаң иелері 18-минутта есепті ашты. Аргентиналық жартылай қорғаушы Анхель Ди Мария айып соққысын орындап, «Барселона» қақпашысы Тер Штегенге қақпасын қорғап қалуға мүмкіндік бермеді.

28-минутта «Барселона» футболшыларының есепті теңестіруге мүмкіндік орнады. Неймардың алаң ортасынан шығарған керемет пасын оң қапталда Андре Гомеш қабылдап, «ПСЖ» қақпасына соққы жасады. Оның соққысын Трапп қайтара білді. «Вольсбург» клубынан қысқы транферлік маусымда ауысып келген Юлиан Дракслер, ойынның 40-минутында Марко Вераттидан айып алаң алдында пас қабылдап, оң қапталдан соққы жасады. Есеп 2:0  Екінші таймның 55-минутында 29-жасқа толып отырған Ди Мария, өзінің туған күнінде дубль атанды. Өзінің жеке шеберлігінің арқасында алыстан соққы жасап,  мүлт кетпеді. Йә, мұндай есепті күтпеген каталондық клуб тойтарыс бере алмады. «Барселона» клубын алға сүйрейтін Лионель Месси қауқарсыз болды. 90 минут бойында қақпаға бір ғана соққы жасады. 71-минутта ойындағы соңғы гол соғылды. 30 жасқа толып отырған Эдинсон Кавани Меньеден пас қабылдап, қорғаушылардан сытылып өтіп, Тер Штенгенді қапы қалдырды. Жалпы есеп 4:0.

8-наурызда «Барселона» «ПСЖ» футболшыларын «Камп Ноуда» қабылдайтын болады. Айта кетерлік жайт, УЕФА Чемпиондар лигасының тарихында ешбір клуб 4 гол есеп айырмасымен ұтылған соң, келесі кезеңге өтпеген.

 

«Бенфика» «Боруссия»

УЕФА Чемпиондар лигасының чемпионы атанған «Реалды» артқа тастап, топтық кезеңде 1-орынмен шыққан «Боруссия», сырт алаңда «Бенфикамен» кездесті.

Жалпы ойын тартысты болды. Қос команда қауіпті сәттерді көп орнатты. Алғашқы мүмкіндік 9-минутта «Бенфика» қақпасының алдында орнады. Дембеле «Бенфиканың» орталық қорғаушысы Пиззидан допты тартып алып, Обамеянгке пас шығарды. Обамеянг Эдерсонмен бірге бір шығып, допты қақпаның маңдайшасынан асырды. Кезекпе кезек бір бірін шабуылдаған қос команда бірінші таймда есепті аша алмады. Екінші таймның бастапқы минуттары «Бенфиканың» пайдасында болды. Дәлірек айтқанда 47-минутта Пиззи бұрыштама добын орындады. Луизао допқа бірінші болып секіріп, Бюрке қақпасына соққы жасады. Бюрке қайтара біліп, бірақ доп Митроглудың аяғынан табыла түсті де, есепте «Бенфиканы» алға шығарды. Ойынның шарықтау шегі 55-минутта орнады. Бенфика ойыншысы өз айып алаңында қолмен ойнап, өз қақпасына пенальти алып келді. Обамеянг пенальтиды орындап, бірақ қақпаның дәл ортасына соққы жасаған ол, Эдерсонды қапы қалдыра алмады. Орнынан қозғалмаған Эдерсон, таразы басын теңестірмей, есепті соңғы минутқа дейін сақталып қалуына себепкер болды.

Енді екі аптадан соң дортмундық «Боруссия» «Сигнал Идуна Паркте» Бенфикадан кек қайтарып, ширек финалға кім лайықты екенін көрсетуге барын салады.

Төлепберген Мәлікұлы

 

 

 

 

 

 

 

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды