jasqazaq.kz

«Бәріне ортақ журналистика» жобасы мәреге жетті

12 қараша 2024, 14:39

Jas Qazaq пен «Шеврон» компаниясы бірлесіп ұйымдастырған «Бәріне ортақ журналистика» жобасы мәреге жетті. Биыл төртінші рет өткізіліп отырған курстың мақсаты – жазуға бейімі бар, ақпарат саласында қызмет еткісі келетін мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету. Журналистика жанрларымен таныстырып, қаламын ұштау. Осы курстың арқасында олар ақпарат пен мақала жазуды, сұхбат алу мен әлеуметтік желіде жұмыс істеу тәсілдерін меңгерді.

Соңғы екі жылдан бері курсқа қатысушылар КТК телеарнасында монтаж бен репортаж жасау бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдау мүмкіндігіне ие болды. Микрофон ұстап, камера алдында сөйлеуге машықтанды. Сонымен қатар SMM, дизайн бойынша дәрістерге қатысты.

«Бәріне ортақ журналистика» жобасына қатысушыларға сертификат тапсыру рәсімінде сөз сөйлеген «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің корпоративтік істер жөніндегі басшысы Еркін Зікібаев өзінің игі тілегін жеткізді.

Еркін Зікібаев, «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің корпоративтік істер жөніндегі басшысы:

«Журналистика біздің өмірімізде маңызды орын алады деп ойлаймын. Қазір өзіміз бір жерден бірдеңе көріп қалсақ, оны видеоға түсіреміз.Тіпті сол туралы пікірді әлеуметтік желіге жазамыз. Бұл да журналистиканың бір қыры. Сондықтан біздің өмірімізге бұл керек. Жобаны өткізген Срайыл Смайыл мырза мен барлық қатысқан жандарға алғыс білдіремін. Алдағы уақытта кәсіби журналист болып кетпесеңіздер де, өз өмірлеріңізге қажетті дүниелерді игергендеріңізге сенімдімін».

Курсқа қатысушы жандар да өз пікірін ортаға салды.

Жанар Әукенова, курсқа қатысушы:

«Қурс маған қатты ұнады, өйткені жан-жақты материалдар жинап, интервью алу, мақала жазуды үйрендік. Бұл жоба әрмен қарай жалғасын тапса деймін. Өйткені біз сияқты адамдар көп жағдайда өздігінен ізденіп, үйрене алмайды. Бізге осындай ұсыныс түскеннен кейін жақсы мүмкіндік алдық»,— деді.

Биыл курсқа қатысқандар арасында белсенділігімен көзге түскен Ділмұрат Нұрмашов та өз әсерімен бөлісті.

Ділмұрат Нұрмашов, курсқа қатысушы:

«Бұл курстан үйренгенім көп. Бізге ең алдымен камера алдында қалай сөйлеуді, сұхбат алуды үйретті. Мақала жазуға әр түрлі тақырыптар беріп, қызықты тапсырмалар орындатты. Одан бөлек, монтаж, дизайн, СММ бойынша дәріс алдық».

Сондай-ақ Тараз қаласынан курсқа онлайн қатысқан Ақжол Бектұған да ұйымдастырушыларға ілтипатын жеткізді.

Жобаға қатысушыларға ақпарат пен мақала, сауалнама мен сұхбат алу жөнінде дәріс оқылып, бағыт-бағдар берілгеннен кейін, олар қаламының қарымын байқап көрді. Олардың қаламынан шаққан жазбалар «Jas Qazaq» электронды газеті мен jasqazaq.kz сайтында жарық көрді.

«Шеврон» компаниясының БАҚ қызметі жөніндегі кеңесшісі Айнұр Сағымбайқызы:

«Jas Qazaq» газетіне осы шараны ұйымдастырғанына және журналистиканы кеңінен таратқанына алғысымыз шексіз. Барлық қатысушыларға көп рахмет және үлкен белестерден көріне беріңіздер деп тілейміз», — деді.

Әрине, журналистика саласын қысқа мерзімде жан-жақты меңгеру мүмкін емес. Жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың өз-өзіне деген сенімін бекітіп, жетістікке жетелеуді көздейді.

Биыл да Jas Qazaq пен «Шеврон» компаниясының «Бәріне ортақ журналистика» жобасы шығармашылық әлеуеті мол, бірақ соны көрсете алмай жүрген ерекше жандарға сенім сыйлағаны сөзсіз. Шын мәнінде, олардың мүмкіндігі шексіз!

Jas Qazaq

Суреттерді түсірген: Ғалия Қалиева, Айдос Құсайынұлы

 

 

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті