1980 жылы Лондонның жайма базарынан жүзік сатып алған әйелдің сақина тасы бриллиант болып шықты. Алғашқыда бағалы тасқа ұқсамаған сақинаны сатушы да, сатып алушы да бар-жоғы 10 фунтқа бағасын келіскен.
Қолындағы сақинаны 30 жыл таққан әйел көшедегі зергердің «қолыңыздағы сақина алмаз тастан жасалған» деген сөзіне таңқалып, арнайы тексерткенде, шындығында сақина алмаз тастан жасалғаны анық болған. «Біз оны Алмаз деп санап, Америкадағы гемологиялық институтында сынап көрдік», — дейді Лондондағы Sotheby’s зергерлік бұйымдар бөлімінің жетекшісі Джессика Уиндэм, «Кешкі стандартқа» берген сұхбатында. Ешкім білмеген сақина XIX ғасырдағы ақ алмас болып шығып, 26,27 карат және 350 000 фунт стерлингті (≈ 29,4 млн рубль) құраған. Өткен ғасырлардағы алмаз түсі мөлдір емес, ақ-сұр түсті аралас келгендіктен қарапайым адамдар анықтай алмаған. Business Insider мәліметтері бойынша, Tenner деп аталатын бұл гауһар сақина Лондондағы Sotheby’s компаниясында 656 750 фунт үшін (≈ 55,1 млн рубль) аукционға қойылып, күтілетін сомадан екі есе дерлік бағаға сатылған.
Дереккөз: arhar.kz