Қарағандыдағы Теміртау қаласының 18 балабақшасы бүлдіршіндерге тамақты сынған ыдыс-аяқпен берген. Ол аздай мектепке дейінгі мекемелердегі қоқыс жәшіктері де өте сирек тазартылып отырған.
Тексеріс жүргізген СЭС мамандары санитарлық нормаларға сай келмейтін заң бұзушылықтар анықталған балабақшаларға қатаң ескерту жасап, айыппұл төлеуге міндеттеді. Бірінші жарты жылдықта тексеріс жүргізген олар олқылықтарды түзеуге үш күн уақыт беріпті. Бүгінде тапсырмалар орындалып, балабақшалар жұмыстарын жалғастырып келеді. Ал салақтығы анықталған мектепке дейінгі мекемелерге салынған айыппұлдың көлемі бір миллионға жуық екен. Жауапты орган өкілдері Теміртау қаласында барлығы 22 балабақша, оның ішінде 1-уі жеке меншікте, қалғаны мемлекеттің қарамағында екенін айтады.
АМАН ӘМІРОВ, Теміртау қаласы тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы:
— Енді санитарлық нормалар бойынша нарушениелар былай қарасаңыз қатты қауіпті болмаса, кейін қауіп туғызуы мүмкін. Сондықтан біз оны қатты қадағалаймыз.