jasqazaq.kz

Бакуде өткен саммитте Қазақстан жасыл энергетикаға шамамен 3,7 миллиард доллар инвестиция тартты

13 қараша 2024, 14:27

Еліміздің энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Бакуде (Әзірбайжан) БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының 29-шы климаттық саммиты «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы халықаралық компаниялармен және даму институттарымен ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды.

Атап айтқанда, энергетика министрі Қазақстан Энергетика министрлігі мен Азия Даму Банкі (АДБ) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат мақсаты көмір станцияларын пайдаланудан шығаруды жеделдету және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ұлғайту, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруде жаңа технологияларды енгізу болып табылатын АДБ (ЭҮП) энергетикалық ауысу тетігі арқылы көміртегі бейтараптығы жөніндегі мақсаттарға қол жеткізудегі ынтымақтастықты көздейді.

Қол қойылған құжаттардың қатарында Қытай Халық Республикасының Үкіметімен жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісім де бар, ол Тараптар арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және іске асыру, Қазақстан аумағында орнықты даму, экологиялық таза технологияларға көшу және шығарындыларды қысқарту арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресте өзара іс-қимылды көздейді. Осы жобалар бойынша инвестициялар сомасы 2 млрд АҚШ долларынан асады деп болжануда.

Сондай-ақ Жамбыл облысындағы жел электр станциясының жобасына қатысты ABU DHABI FUTURE ENERGY COMPANY PJSC (MASDAR) компаниясымен инвестициялар туралы келісім жасалды. Осы жоба бойынша инвестициялардың күтілетін сомасы 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды.

Бұл құжат жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын дамыту, «жасыл ауысуды» іске асыру, көміртегі эмиссиясын қысқарту және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мақсатында БАӘ-мен қол қойылған үкіметаралық келісімді іске асыру шеңберінде жасалды.
Конференция аясында Қазақстанның энергетика министрі БҰҰ ЕЭК, ACWA Power және Masdar, АДБ компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Әңгімелесу кезінде А. Сәтқалиев энергетика секторындағы жаңа бастамалар шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру туралы ниетін білдірді.

«Қазақстан ЖЭК секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін заңнамалық базаны белсенді түрде жаңартуда. Біздің еліміз әрқашан ашық және белсенді ынтымақтастыққа дайын», — деп атап өтті министр.

JQ-Aqparat
Сурет: энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады