jasqazaq.kz

Бақытжан Сағынтаев: Елбасының бес бастамасының бірі жатақхана салу

10 сәуiр 2018, 11:54

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірінде айтылған жатақхана салу мәселесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шешімін табуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«ҚазАқпарат» хабарлағандай, «Берілген мәліметтерге қарағанда, әсіресе мына өңірлер — Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстары алдыңғы қатарда келе жатыр (МЖӘ жобалары бойынша — авт.). Жаңа төрт облыстың басшылары жұмысты баяндағанымен, жұмыстың баяу жүріп жатқаны туралы бірде-бір сөз айтпады. Бұған не себеп болды? Басқа өңірлерге қарағанда, мүмкін кедергілер бар шығар. Бірақ, ол жағы айтылмай жатыр. Яғни, ынта жоқ. Жұмыстың бәрі бюджеттен қаржы алып, соны игеруге байланысты болып отыр. Сол себептен, әріптестер, жұмысы баяу жүріп жатқан облыстардағы жұмыстарыңызды осы салада қайта қарауларыңызды сұраймын», — деді Үкімет басшысы. Бақытжан Сағынтаев тиісті шешімдердің бәрі қабылданып жатқанын тілге тиек етті. «Қазір заңға өзгерістер енгізу мәселесі шешілуде. Осы жылдың жартыжылдығына дейін Парламенттің қабылдауымен оның бәрі заң түрінде шығатын болады. Яғни, алдағы уақытта да көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндігіміз бар. Тағы бір мәселе — Елбасының бес бастамасының бірі бойынша жатақхана салу мәселесі. Жатақханалар салу мәселесіне қатысты жұмыстың бәрін негізінен МЖӘ арқылы шешу қажет», — деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар, Сағынтаев бір мәселеге назар аударуға шақырды. «Біз кәсіпкерлерді жұмысқа тартып, артынан тарифтерді өзгертіп жатамыз. Яғни, бұл бір жыл жұмысын бастамай жатып, ары қарай банкроттыққа итермелейді деген сөз. Жұмыстың негізгі бөлігі — 52 пайызы әлеуметтік салаға қатысты болып отыр.. Сондықтан біздің қабылданып отырған шешімдеріміз — әркез кәсіпкерлермен, өңірлермен ақылдаса отырып, тұрақты жағдайда болуын қадағалауымыз керек», — деп түйді Б.Сағынтаев.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды