jasqazaq.kz

Бақытжан Сағынтаев: Азық-түлік бағасын қатаң бақылауды ұстауды тапсырды

13 наурыз 2018, 14:54

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. ҚазАқпарат хабарлағнадай, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 0,7 процентке өсті.
«Жалпы, азық-түлік бағаларының 1,4 процентке өскенін атап өткен жөн. Бағалардың ең жоғары өсуі мына тауарлар бойынша байқалады: қырыққабат — 12,7 процентке, пияз — 7,4 процентке, картоп — 5,5 процентке, ал сәбіз 4,5 процентке өсіп отыр. Бұған сақтау шығындары, қыс кезінде қолайсыз жағдайда тасымалдау бағаларының өсуі себеп болды», — дейді министр Тимур Сүлейменов. Оның айтуынша, қарақұмық, бірінші санаттағы жұмыртқа, бірінші сұрыпты ұн, тауық еті, күнбағыс майы мен тұздың бағасы төмендеді. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ең жоғары өсуі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ  Ақтөбе облысында тіркелген. Жалпы, барлық облыстарда осы санаттағы тауарлардың шекті бағадан асып кеткені байқалады. Ал ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің сөзіне қарағанда, азық-түлік бағаларын бірқалыпты ұстау мақсатында тұрақтандыру қорларының мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет. «Ақпан айындағы мәліметтер бойынша тұрақтандыру қорларындағы азық-түліктің нақты көлемі 8 137 тоннаны құраған. Ал 14 259 тонна азық-түлік тауарлары жаңартуға және жауапты сақтауға берілді. Тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға арналған қаражаттың 4 млрд 423 млн теңгесі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының шоттарында және екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде жатыр», — деп атап көрсетті А.Евниев. Үкімет басшысы өз кезегінде азық-түлік бағасын қатаң бақылауды ұстауды тапсырды. «Алда Наурыз мерекесі бар. Осыған байланысты бағалар күрт өсіп кетпесін», — деді Премьер-Министр. Айта кетейік, отырыс кезінде Бақытжан Сағынтаев xалықты баспанамен қамту жағынан қалып келе жатқан өңірлерді сынға алды.

 

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен