jasqazaq.kz

Бұғы атқандар ірі көлемде айыппұл төлейтін болды (видео)

06 ақпан 2017, 10:53

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері заңсыз бұғы аулағандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аудандық полицияға Зария ауылының екі тұрғыны «Көкшетау» мемлекеттік табиғи қорығының Шалқар филиалының аумағынан бұғыны заңсыз атып алғаны жөнінде мәлім етілген.

Ақпаратты тексеру барысында ол расталды. Браконьерлік жасады деген күдікпен 1984 және 1994 жылғы екі ауыл тұрғыны ұсталды. Жігіттің бірінің үйінен бұғының еті, ал орманнан аңның басы және терісі табылды. Тіркелмеген 16 калибрлі екі аңшы мылтығы, оқ, балта және екі шаңғы тәркіленді.

Қазіргі уақытта ет сараптамаға жіберілді. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің «Заңсыз аң аулау» 337 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталмыш бапта бес жылға бас бостандығынан айыру және 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

15 мамыр, 12:25
Бибігүл Дандығараева: Ұлттық құрылтай – елдің даму бағдары
14 мамыр, 16:42
Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)
14 мамыр, 16:16
Түркістан: егістік сусыз қалмайды
14 мамыр, 15:14
Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді
14 мамыр, 15:02
Түркістан: 41 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
14 мамыр, 14:50
Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды
06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі