jasqazaq.kz

Б.Сұлтанов: Әзірбайжан қарызын 15 жылдан кейін қайтарады

17 қантар 2018, 12:19

2017 жылы халықтың мемлекетке сеніп тапсырған 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар салымының Әзірбайжан халықаралық банкінде күйіп кеткелі тұрғанын алғаш сарапшылар анықтап, дабыл қаққан болатын. Кейін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев та аталған мәселеге назар аударып, жауапты басшыларды бекіткен. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Владимир Косарев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтан аталған мәселенің қалай шешіліп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынып, Әзірбайжанда қалып қойған ақшалар мәселесі туралы білгім келеді. Біз Әзірбайжанның қаржы ұйымдарына аталған қаражатты қайтару туралы айта аламыз ба? Ол қаражатты жартылай жоғалтып қана қоймай, тіпті Әзірбайжанның Қазақстанға қомақты қарызын лонгридтеуден өткіздік. Бізге мүмкін қаржы қатынастарына мән беретін кез келген шығар», — деді депутат Қаржы министріне.

Депутаттың сауалына Бақыт Сұлтанов байыппен жауап берді.

«Біз бұл ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе қарыздың қайта өзгеріспен төленуін несие берушілердің басым көпшілігі қолдамағанда, ақшаны жоғалту қаупі туындайтын еді. Бүгінгі таңда банктің бұл облигациялары Әзірбайжанның дербес облигацияларына ауыстырылған. Қорытындысында, 3,5 пайыздық мөлшерлемемен 250 млн АҚШ долларының қайтарылу мерзімі 15 жылға ұзартылды. Бұл қағаздар өтімді болып саналады», — дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанның бірыңғай зейнетақы қоры 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар инвестиция салған Әзірбайжанның Халықаралық банкі банкротқа ұшырағаны туралы сотқа өтініш берген. Қаржылық проблема Әзірбайжанның ұлттық валютасының құнсыздануы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан туындаған.

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан