jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев: Талғарда менингитке шалдыққан әйелді Алматыдағы аурухананың біріне неге апармады?

05 маусым 2018, 12:02

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың менингококк инфекциясына қатысты жасаған мәлімдемесінен кейін, премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бірнеше мәселенің басын ашты.

Біртановтың айтуынша, менингококк инфекциясына күдіктенген 593 адам дәрігерлер тексеруінен өткен. Оның ішінде 213 адамды ауруханаға жатқызыпты.

Бүгінде жұқпалы дерт 58 адамнан анықталған. Оның ішінде 14 жасқа толмаған 21 бала бар.

«Қазір мен Алматы мен Алматы облысына барып, менингитке қарсы қабылданып жатқан шаралардың нәтижеліліген тексеремін. Осыдан кейін оған түзету енгізуіміз мүмкін», — деді министр Біртанов.

Ал Бақытжан Сағынтаев бұл мәселенің халық арасында қатты алаңдаушылық туғызып отырғанын жеткізіп, қоғамға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек дегенді айтты.

«Сіздер барлық адамға жеткен жоқ деген ақпарат әлеуметітк желіде қызу талқыланып жатыр. Егер сіздер осыған қатысты арнайы штаб құрсаңыздар, ондағы жұмыс жариялы түрде жүргізілуі тиіс.

Сондай-ақ екпе жұмыстарын жүргізу керек пе жоқ па деген сұрақ та өте маңызды болып тұр. Кеше менен қабылдау барысында мекеме басшылары осыны сұрап жатыр. Себебі олардың қоластындағылар да уайымдайды. Бірақ ешкім түсіндіріп бермейді», — деді Сағынтаев.

Оған қоса премьер-министр қазір менингитке қарсы екпеге әр өңір 20 мыңнан 40 мыңға дейін әр түрлі баға қойып алғанын да атап өтті.

«Қазір ғана өзңіз айтып өткендей, ауруханалар кейде науқастарды қабылдамай жатады. Талғардан Қаскелеңге жету екі сағаттық жол. Ал әйел үш сағаттың ішінде баласын жоғалтып алған. Қаскелең мен Талғарға жеткізу қанша уақытты алады, неліктен соны Алматыдағы ауруханалардың біріне алып бармаған?», — деп сұрады Сағынтаев.

Алайда бұл сұрақ министр тарапынан жауапсыз қалып қойды.

«Егер бұл әкімнің берген тапсырмасы болса, оны да айту керек. Біздің ауруханаларға науқастарды қабылдау керектігін ескерту керек. Бұл жерде жұмыс барысындағы жетіспеушілік пен қателік болған», — деді премьер-министр.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр