Б.Хаменова: Өзіміздің емес, өзгенің географиясын көп оқимыз

24 қантар 2018, 15:47

Бүгінде талқыға салынған мәселенің бірі — еліміздің географиясы. Биылғы жылдан бастап ол жеке пән ретінде оқу бағдарламасынан алып тасталды. Енді жалпы география пәнінің ішінде ғана айтылады.Бұған наразылық білдірген бір топ депутат білім және ғылым министрлігіне хат жолдады. Осы жайында нақты білу үшін Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменованы әңгімеге тарттық.

Жас қазақ: Бақытгүл ханым, бұрын жалпы география пәнін оқитынбыз. Ал «Қазақстан географиясы»жеке пән ретінде қай жылдары оқытылды?

Бақытгүл Хаменова: Қазақстан географиясы 1993 жылдан бастап оқытылып келді. Аптасына екі сағаттан ғана 8-9 сынып оқушыларына. Ал бүгінде министрліктің ұсынған жаңа бағдарламасында ол жоқ. Маңызды мәселені естен шығарып алғандарына қайран қалып отырмыз. Өйткені Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы мен Қазақстанның физикалық географиясы жалпы география пәнінің ішінде ғана көрсетілер болса, жастарымыздың елімізді толық танып-білуіне бұл жеткіліксіз. Мұны мен өзіміздің географиямыз көлеңкеде қалып қоятын болды деп түсіндіргім келеді. Жыл басында өңірлерге жасаған сапарымызда ұстаздар мен ғалымдардың біраз шағымын естіп қайттық. Олар жалпы география пәнінде туған жеріміздің географиясы тарыдай шашылып қалғанын жеткізді. Сондай-ақ әлі де болса ескі дүниеден арыла алмай келеміз. Өзіміздің емес, өзгенің жер бедерін оқытатын пәнге сағат көп бөлінген екен. Бұл, әрине, бізді мұңайтпаса, қуантпады. Өйткені қай елді алып қарасаңыз да, өз жерін танытатын пәндерге баса назар аударып, оқытады. Ал бізде керісінше болып отыр.
Жас қазақ: Депутаттық сауалыңызда бұл мәселеге жауапты министрліктің берген жауабы түсініксіз екенін айттыңыз. Осы жағын таратып айтып беріңізші.
Бақытгүл Хаменова: Ия, жоғарыда айтып өткен мәселе бойынша біз білім және ғылым министрлігіне хат жолдадық. Десек те, алған жауабымыз көңіл көншітерліктей болмады. Олар бүгінгі күнге дейін Қазақстан географиясы пән ретінде емес, оқу бағдарламасы есебінде ғана қаралған деген жауап қайтарды. Елбасымыздың өзі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыз бен әңгіме бар. Ол үшін еліміздің қасиетті рухани құндылықтары немесе Қазақстаның киелі жерлері географиясының жобасы керек» — деген болатын. Міне, осы сөзінің өзі нақты әрі айқын дәлел емес пе?! Ал оны жүзеге асыру үшін бәріміз ат салысыуымыз қажет. Осыған орай Қазақстан географиясы пәні оқу бағдарламасында сақталуы керек. Бұған «Нұр  Отан» партиясының фракция мүшелері қол қойды.

Жас қазақ: Сіз білім және ғылым министрлігінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсындыңыз.Егер еш нәтиже болмаса, алдағы әрекетіңіз қандай болмақ?

Бақытгүл Хаменова: Мұны сексеннен астам депутат қолдап отыр. Сол себепті де білім және ғылым министрлігі жай ғана қарап өте салатын дүние емес деп ойлаймын. Өйткені бұл бір бізге ғана емес, барлық қазақ еліне қатысты жағдай. Соңымыздан еріп келе жатқан ұрпақты ойлап, әрекет етпесек, қалай дамымақпыз?! Өз басым еш нәтиже болмайды деген ойдан аулақпын.

Сұхбаттасқан Салтанат Шырынхан

Бүгін, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
Бүгін, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады