jasqazaq.kz

Әзілкештер Сәбит Әбдіхалықтың «КВН-нен шыққандар әртіс болмайды» деген сөзіне жауап берді

03 наурыз 2018, 15:41

Жуырда ғана Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатында «КВН-нен шыққандар әртіс болмайды» – деп айтқан еді. Осыған орай отандық бір сайттың тілшісі әзілкештердің пікірін біліпті.

Әзілкеш Нұртас Адамбай сайтқа берген сұхбатында «Менің ойымша бұл нағыз ақымақтың пікірі. КВН-нен шыққан жігіттерді олай бөлуге болмайды. Олардың арасында атақты актерлардан бөлек, мықты музыкант, керемет суретші, заңгер, қаржыгерлер де жетерлік. Олардың барлығы адамдар. «Сен КВН арқылы танылғансың, әртіс бола алмайсың, сенің қолыңнан ештеңе келмейді» – деген қате пікір. КВН арқылы жұлдызы жанғандардың қатарында телевизияға еңбегі сіңген танымалдар да бар. КВН-нен шыққандар әртіс емес деген дұрыс емес. Кім сахнаға шықты ол әртіс. КВН қойылымдары сахнада қойылады. Яғни, олар әртістер. «КВН-нен шыққандар әртіс емес» – деп пікір білдірген адамның санасы таяздау шығар», – дейді. Бүгінде белгілі тележүргізуші, кезінде КВН-де өнер көрсеткен Марат Оралғазин «Өнердегі аға-әпкелеріміз КВН-ді мойындамайды. Бірақ менің түбегейлі ойым КВН – жоғарғы оқу орыны десек қателеспейміз. Бұл жоғарғы телевизиялық академия десек қателеспейміз. Қазіргі таңда біздің қазақстандық экранда, ресейлік экранға қарайтын болсаңыздар сахна төрінде, кино саласында, телевизия саласында жүрген азаматтардың көбісі осы КВН-нен шыққан. Олар тіпті кадрдан тыс сценарий жазып, режиссер ретінде, монтажер, оператор ретінде де өздерінің креативті ойларын жүзеге асырып жүр. Сондықтан мен өзімді КВН академиясының түлегі деп санаймын. Қазіргі таңда телевизия, кино саласында сценарист, продюсер, актер, тележүргізуші ретінде қызмет атқарып жүрміз. Жалпы адам өзінің сүйікті ісімен айналысса, өнердің өркендеуіне үлес қосқанымыз деп білемін», – дейді. Дастан Қалдыбаев та әріпестерінің сөзін қолдайды. Ол «Нұрлан Қоянбаев, Тұрсынбек Қабатов, Құмар Лұқманов, Ақылбек Досжанов, Нұрдәулет Шертім олардың әрқайсысын «жұлдыз» деп айтуға болады. Олардың телевизия саласына сіңірген еңбектері мен киноөндіріске қосқан үлестері орасан. Сондықтан сондай атқарып жатқан жұмыстарына қарап жоғары бағалауға тұрарлық деп ойлаймын», – дейді.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен