jasqazaq.kz

Ажырасқан қыз деген атқа қалдым: Ерке Есмахан түрлі сынақтан өткенін айтты

25 қараша 2024, 20:47

Әнші әлеуметтік желіде бірден Ерке Есмахан болмағанын айтып, ауылда қарапайым, орта жағдайдағы отбасында туып өскенін жазды.

«Менің жеке өмірім әртүрлі сынақтардан өткенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Бірінші некем сәтсіз болды. «Ажырасқан қыз» деген атқа қалдым. «Жалғызбасты ана» атандым. Көп ұшып, дұрыс ұйықтамай, уақытылы тамақ ішпей, денсаулығым сыр берді. Өмірімде баланс болмады. Ақшаны жақсы тапсам да, ертеңгі күніме сенімсіз едім» — деп жазды әнші.

Ерке Есмахан ішкі жарасын жасыру үшін жалтырақ киіп, жалғыз болмау үшін адам көп жерде жүргенін айтты.

«Тек Мүслімнің анасы болып қаламын ба? Тағы ата-ана бола аламын ба? Екінші рет тұрмыс құра аламын ба? Мені шын сүйетін, қолдап, қорғайтын өмірлік жолдас кездесе ме деген ойдың жетегінде жүрдім. Ішкі жарамды жасыру үшін жалтырақ киіп, қаттырақ күліп, жалғыз қалудан қорқып, адам көп жерде жүріп әлек болдым», — деді ол.

Әнші аяғында сенімі ақталғанын айтты.

«Сол сәтте бәрін қайтадан бастауым керек, менің қолымнан келеді деп, әр қиындықтың артында Алланың шексіз мейірімі мен сыйы болатынына сендім. Сенімім ақталды. Шүкір», — деді Е.Есмахан.

JQ-Aqparat

Сурет: instagram.com/erke_esmahan/
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет