«Аюлар» қайта оралды

05 тамыз 2016, 18:04

Быки и медведи

Біздегі қоғамдық пікір жер, лаңкестік әрекет, түрік еліндегі төңкерісті қызу талқылап жатқанда тіршілік пен күнкөріске кеп тірелетін нарық өзін ұмыттырмады. Тағы да жайсыз жаңалығымен есік қақты.

Кеше түстен кейін Brent маркалы мұнай құны 1,40 пайызға арзандап, 42 долларға табан тіреді. Осыдан сәл бұрын «қара алтынның» бір баррелі 50 доллардан асқанда «әділ әрі кесімді» баға дескен сарапшылар. «Жас қазақ» біраз бұрын «Бүгін 50$, ертең?» деген тақырыппен шағын шолу жариялады. Қара майдың қымбаттауына АҚШ-та тақтатас мұнайы өндірісінің тежелуі, Канада орманындағы жойқын өрт пен Нигериядағы содырлардың құбыр желісін жарып жіберуі ықпал еткенін жазды. Америкадағы арзан өнім өндіретін бұрғылау қондырғыларының саны шілде аяғында 463 жетті. Маусымда 424 еді. Канададағы өрт сөндірілді. Нигерияда алпауыт компанияларға тиесілі құбырдың жыртығы жамалды. Күнделікті ұсыныс сұраныс мөлшерінен тағы да асып түсті. Мамандар «бұқалар» кетіп, биржаға акцияның арзандағанын білдіретін «аюлардың» қайта оралғанын хабарлады. Іле-шала қазынасы «қара алтынға» қарап отырған елдердегі ұлттық валюта құнсыздана бастады. Теңге мен рубль секілді.
Ақшаның әлсіреуі де неше түрлі қауесет таратып, қоғамда үрей туғызғысы келетіндерге тиімді. Әркім ойына келгенін айтатын әлеуметтік желіні былай қойғанда, салиқалы сайттар есімі қалың көпшілікке беймәлімдеу маманға жүгініп, «Теңгенің долларға шаққандағы бағамы осы аптада 380-ге жетуі мүмкін» деп жұрттың жүрегін солқ еткізді. Ұлттық банктің уәжі әдеттегідей кеш айтылды. «Алаңдауға негіз жоқ» деген бас банкир Данияр Ақышевтың осындай «көріпкелдерге» жауабы газеттің осы бетінде жарияланып отыр.
«Қара алтынның» беталысын жіті бақылап отырғандар баррелдің бағасы жақын арада 40 долларға дейін арзандайды деген пікірде. Ал энергетика саласында кеңес берумен айналысатын Wood Mackenzie мұнайға арқа сүйейтін елдерге тосын жаңалығын жеткізді. Компанияның есебінше, «қара алтын» өндіретін компаниялар 2016-2017 жылдары негізгі шығындарын 370 млрд долларға дейін азайтады. Соның салдарынан тұтынушылар 2020 жылға дейін 7 млрд мұнай алмайды. Компания өкілдері салыстыру үшін былтыр күллі дүниеде 33,46 млрд баррель өндірілгенін көлденең тартады. Осы дерекке шұқшиюмыз бекер емес. Бұл жетіде энергетика министрі Қанат Бозымбаев Елбасыға үкіметтің экономиканы жандандырудағы қазіргі басты үміті – Қашаған кеніші жөнінде баяндады. Соңғы жылдары жұмысы тоқырай бастаған осы салаға жаңа леп әкелген министр өндірістің биыл басталатынын айтты. Елімізде биыл 75 млн тонна мұнай өндіріледі. Былтырғымен салыстырғанда 1 млн тонна көп. Қашаған іске қосылса, оның көлемі арта түседі. Бағасы арзан болса да, өнімді көбірек экспорттау арқылы қазынаға валюта түсіру дағдарыс тұсында тиімді әдіс екенін АҚШ, ОПЕК елдері және көршіміз Ресей дәлелдеп берді. Неге екені белгісіз, бізде азайтуға тырысты…
Біздің үкімет шикізаттан тыс салаларды дамытқысы келеді. Соның бірі – ішкі туризм. Бірақ мына кесте көрсеткендей, әзірге шетелдіктер бізге жаппай ағыла қойған жоқ.

Срайыл Смайыл

Бүгін, 11:30
Әлішер Сатыбалдиев: Индустриалды аймақ Алматы экономикасына серпін береді
27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр