Алматылық отбасы аязды күнде құдықтары қатып қалғандықтан қарды ерітіп ішуге мәжбүр болып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.
Алматы қаласында жер үйде тұратын Әлия есімді келіншектің тоғыз баласы бар екен. Олар суық күнде сусыз қалғандықтан даладағы қарды шелектеп тасып, қайнатып ішіп жүр. Бұл туралы әйел Instagram парақшасында жариялады.
Тамақ дайындайтын суды Әлия көршілерінен алып жүр екен. Ал басқа қажеттері үшін қарды ерітіп күн көруде.
Әлияның айтуынша, ол жергілікті билік өкілдеріне аязды күнгі әлегі жайлы хабар берген. Енді олардан көмек күтіп отыр.