Қарағанды облысының тұрғындары әдемі автомобиль нөмірлері үшін 29 миллионнан астам теңге жұмсаған, деп хабарлайды Baq.kz.
Қарағанды облысының тұрғындары автокөліктеріне вип-нөмірлерді сатып алу мүмкіндігі пайда болғаннан бері, 2014 жылдан бастап, осы күнге дейін 120 «әдемі» нөмірлік белгілер сатып алған. Бұл мақсатта жалпы есептегенде 29 077 181 теңге жұмсалған.
Обыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, енді қалаған нөмірлермен қоса ұнаған әріптер жиынтығын да сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Бұл қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен біріге отырып іске қосты.
Қалаған нөмірді алғыңыз келсе, арнайы ХҚКО-на барып, өтініш рәсімдеп, мемлекеттік баж төлеу қажет. 010, 020, 077 сандық тізімдер үшін ол бір айлық есептік көрсеткіштен 5 700% (138 396 теңгені) құрайды. Дәл осындай сандар, бірақ симметриялық әріп белгілерімен айлық есептік көрсеткіштен 11 400% (276 792 теңгені) құрайтын болады.
Егер ондай нөмірлік белгі болмаған жағдайда, автокөлік иелері оны жақсатуға тапсырыс беріп, арнайы форманы толтырулары тиіс.