Жаңашылдықты жаны сүйетін Бүркіт пен Аиша тағы да тыңдармандарын таңғалдырды! Бүркіт жарымен бірге “терминатор” стилінде түскен суретін жариялап, желіні шулатты, деп жазады Stan.kz.
“Аишаны көріп, Бүркітті танымай қалдым”, “Қазақтың Аль-Капонесі”, “Терминатор”, “Аишаның қасында тұрған кім десем, сіз екенсіз ғой, танымадым мүлдем”, “Сіздерді триллерге түсіру керек”, – деп пікір білдірді инста-оқырмандар.
Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Бүркіт триллер жанрында фильм түсіріп, режиссер ретіндегі алғашқы туындысын халыққа ұсынған болатын. Алайда “Апан/Логово” кинокартинасын көрермен қауым да, киногерлер де жаппай сынға алды.