jasqazaq.kz

АUYLSPORT- ауыл жастарын қолдауға бағытталған жоба

02 қазан 2024, 15:29

Бәріне ортақ журналистика

Бәріне ортақ журналистика Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Курс қатысушысы Рустам Таипов Спорт және туризм академиясында өткен шараға қатысып, алған әсерімен бөлісті.

  

Алматыдағы Спорт және туризм академиясының төрінде «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен, ауыл спортын дамытуға арналған AUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті. Іс-шараға спорт майталмандары мен жобаның негізін қалаушылар, танымал жаттықтырушылар, БАҚ өкілдері мен студенттер қатысты.

Жиында АUYLSPORT жобасының ауылдық аймақтардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі мен маңызы, алдағы жоспарлар және өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы айтылды. Жобаны «Halyk» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов таныстырады.

«AUYLSPORT жобасының негізгі мақсаты — ауыл балалары мен жасөспірімдерін спортқа тарту, спортты насихаттау және бұқаралық спортты дамыту. Ауылдағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және жаңа дағдыларды үйрету.

Жоба аясында бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахматты қамту көзделуде. Жобаға ауылдық жерлерде бұқаралық спорт түрлерімен шұғылданып жүрген 8-14 жас аралығындағы 12 000-ға жуық балалар мен жасөспірімдерді қамту жоспарлануда», — деді Ғалымбек Жақсылықов
AUYLSPORT жобасының ауыл жастары үшін зор мүмкіндік екенін айтқан қатысушылар спортты дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлері мен лебіздерін ортаға салды.

Жиында сөз алған қазақ боксының саңлағы Ермахан Ибраимов мықты спортшылардың көбісі ауылдан шығатынын айтты.
Ол: «Өздеріңіз білесіздер, спорттағы кіл мықтылардың барлығы ауылдан шыққандар. Сондықтан ауыл спортын дамытуға арналған жобаны қолдаймын. Бұл спортшы болғысы келетін ауылдың қарадомалақ балаларына үлкен қолдау. Болашаққа жолдама дер едім», — деді.

Жиын соңында Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Halyk» қайырымдылық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум ауылдық жерлерде спортты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңін бастайды.

Рустам Таипов,
курсқа қатысушы
Суреттер: «Халық» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?