jasqazaq.kz

Ауыл әкімі енесінің тойханасын бюджет есебінен жылытқан

29 қантар 2018, 17:09

Қызмет бабын асыра пайдаланған Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылының әкімі Шекер Төлепбергенованың ісі тексеріліп жатыр. Ол өзінің енесінің иелігіндегі тойхананың коммуналдық шығындарын бюджет есебінен төлеп келген.

Ол екі жылдан бері ғимараттың жылу ақысын мемлекет есебінен жауып отырған. Аталған іске байланысты облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің мамандары тексеру жұмыстырын жүргізді. Тексеріс нәтижесін Әдеп жөніндегі кеңес отырысында департаменттің өкілі Бақтияр Мәкеев мәлімдеді. «Тойхана Шекер Төлепбергенованың енесі болып келетін кәсіпкер Ахметоваға тиесілі екендігі анықталды. 2015-2017 жылдар аралығында округ әкімі тойхана иесімен коммуналдық қызметтерді ұсыну жөнінде келісімшарт жасаспаған», — деді Бақтияр Мәкеев. Тойхана залы әкімдік ғимаратында орналасқан және оның аумағы 353 шаршы метрді құрайды. Кәсіпкер әкімшілік ғимараттың бір бөлігін 10 жылға сенімгерлік басқару негізінде алған. 2015 жылы ғимаратқа бюджет қаржысынан жылыту қазандығы салынды. Әкімнің енесі оған заңсыз түрде қосылып отыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басшысы Жандос Сәрсеновтың төрағалығымен өткен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері ауыл әкімінің жемқорлық әрекетін қатаң сынға алды. Жиынға қатысқан ауыл шенеунігі өз кінәсін толық мойындайтынын мәлімдеп, өз қызметінде қалдыруын өтінді. Шекер Төлепбергенованы қызметіне толық сәйкес емес деп тану түріндегі жауапкершілікке тарту үшін жоғары тұрған басшылық, нақты айтқанда Ақтоғай ауданының әкіміне ұсыныс жолдау бірауыздан ұйғарылды. Қазір бюджетке келтірілген шығынның көлемі есептеліп жатыр. Енді кәсіпкерге барлық шығынды өтеуге тура келеді.

ҚазАқпарат

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті