jasqazaq.kz

Ауру өршіп тұр: Коронавирустың жаңа штамы үш-төрт күнде пневмонияға айналады

23 қазан 2024, 11:25

Коронавирустың жаңа штамын жұқтырған науқас үш-төрт күнде пневмонияға шалдығуы мүмкін. Дәрігерлер бұл ауру жылдам асқынады дейді. Бұл туралы KTK телеарнасы хабарлады.

Дене қызуы көтерілмей, құрғақ жөтелден басталатын жұқпаның пневмонияның жаңа түрі екенін тек рентгенография көрсетеді. Қосымша ПТР-сынама тапсыру қажет. Дәрегерлер соңғы уақытта Алматыда пневомониямен ауыратындар саны көбейгенін айтады. Тіпті ауру ересектерден бұрын, балалардан көптеп анықталып жатыр. Мамандардың айтуынша, кәдімгі пневмонияда жөтел қысып, ентігіп және дене қызуы көтеріліп, 14 күннен соң анықталады. Ал қазір тарап жатқан ауруды жұқтырған жағдайда жоғарыда аталған симптомсыз, 3-4 күнде пневмонияға ұласып кетуі мүмкін екенін ескертеді.

Айнұр Қабанбаева, пульмонолог: — Қазіргі пневмониялардың ерекше өту жағына қарайтын болсақ, қарқынды түрде бұрын бірнеше күн немесе 7-14 күннің ішінде инкубация мерзімі өтетін, қазір 3-4 күннің ішінде ауқымды полисегментарлы пневоманияны көріп отырмыз. Пневмония себептері: бактерия, вирус, зең. Егер жөтелмен немесе кез келген аурудың түрімен анықталынатын көрініс туса, дәрігерге қаралу керек. Өз бетінше емделмей, ем-дом жасауды доғару қажет.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)

JQ-Aqparat

Сурет: depositphotos.com

 

 

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?