jasqazaq.kz

Ауру баланың суретімен ақша жинайтындардың аккаунты өшірілді

22 ақпан 2017, 17:01

«Фейсбук» қатерлі ісікке қарсы емге ақша жинау үшін ауру баланың фотосын жариялаған екі аккаунтты өшірді. Фотосурет өткен жылы түсірілген, ал ондағы сәби шешек ауруының ауыр түріне шалдыққан.

ҚазАқпарат хабарлағандай, қазір оның дені сау, – деп жазады Би-Би-Си. Әлеуметтік желінің техникалық бөліміне үш жасар Жаспердің анасы Сара Аллен хабарласты: оның ойынша, алаяқтар Жаспердің фотосуретін пайдаланып, қаражат жинағысы келген. Баланың фотосуреті бар «Фейсбук» посттарында әлеуметтік желінің ота жасатуға қаражат бөлетіні айтылған. Хабарламаға сәйкес, төленетін сома «лайк» басып, пікір жазып, жазбаны бөліскен адамдардың санына байланысты. Нәтижесінде пост астына он мыңдаған адам пікір қалдырып, 1,2 миллионнан астам адам бөліскен. Сара Алленнің отбасы Кембриджширде Сейнт Неотс қаласында тұрады. Оның ойынша, аккаунт иелері Жаспердің суретін жергілікті БАҚ-тан алған. Өткен жылы тамыз айында жергілікті басылым Жаспердің ауыр сырқаты туралы мақала жазды. Онда Жаспердің анасы үкіметтен барлық науқасқа шешекке қарсы тегін вакцина беруін сұраған еді. Әлеуметтік желідегі аккаунт иелері Жасперді қатерлі ісікпен ауыратын бала деп жазған және өткен жылғы шешекпен ауырған фотосуретін жариялаған.

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен