jasqazaq.kz

Ауғанстандағы стадионда қатарынан үш жарылыс болды

19 мамыр 2018, 15:46

Ауғанстанның шығысында орналасқан Нангархар провинциясының Джалалабад қаласындағы стадионда қатарынан үш рет жарылыс болып, кем дегенде сегіз адамның өмірін қиды. Бұл жайлы ақпаратты жергілікті ресми тұлғалар растады.

TOLOnews-тің хабарлауынша, провинция губернаторы Аттаулла Ходжани жарылыстар стадионға крикет матчын тамашалауға көрермендер жиналған сәтте болғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, жарылыстардың салдарынан 45 адам жараланған. Қаза тапқандар арасында турнирдің ұйымдастырушысы Хедаятулла Захир мен Лагман провинциясындағы Мехтарлам қаласы мэрінің орынбасары доктор Никмал да бар екені туралы хабар тараған. Қасиетті Рамазан айының басталуына орай матчта жергілікті командалар ойнап жатқан. «Талибан» қозғалысы Джалалабад қаласында болған осы жарылыстарға қатысы жоқ екенін айтып отыр.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен