Кеше MYD production жарнама компаниясының өкілдері өз бетімен Алматы Халықаралық әуежайындағы “Эйр Астананың” жазуларын алып тастады. Атап айтқанда, компанияны тану белгілері мен жолаушыларға арналған көрсеткіштер алынды.
Сондай-ақ, жарнама компания өкілдері әуе компанияның қоршау таспаларын, тіркеу орнындағы ақпараттық материалдарды, қауіпсіздік және жүк тасымалдау туралы нұсқауларын алып тастауды талап етті. Мұндай материалдар мен жазулар жолаушыларға әуежайда тез компанияны табуға көмектеседі, рейске тіркелуге уақытты үнемдейді және ұшу кезіндегі қауіпсіз тәртіптің ережелерімен таныстырады.
MYD production Алматы әуежайында жарнама орналастыру бойынша эксклюзивтік операторы бола тұрып, бұдан бұрын жарнама ілудің құнын біржақты 15 есе көбейткен болатын. «Эйр Астана» әуе компаниясы бұл мәселені бірге талқылауды ұсынғанына қарамастан, MYD production өкілдері өз бетімен «Эйр Астананың» барлық ақпарат материалдарын алып тастады.
«Эйр Астана» әуе компаниясы MYD production компаниясының түсініксіз әрекеттеріне өкінішпен қарайды. Себебі бұл әрекеттер тек әуе компанияға зиянын тигізіп қана қоймай, сонымен қатар жолаушыларға қолайсыздықтар тудырады және жолаушыларды ұшуға дейінгі және ұшу кезіндегі қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді қиындатады.