jasqazaq.kz

Әу бастан осылай айту керек еді: Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдем қызметіне қатысты мәлімдеме жасады

26 қыркүйек 2024, 12:20

Кеше ақпарат құралдарында жарияланған, әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызған мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеме жасады.

Ол өзінің Facebook парақшасында былай деп жазды: «Жедел жәрдем қызметінің қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жобада халыққа тәулік бойы көрсетілетін жедел жәрдем қызметтерін шектеу туралы норма жоқ. Халық үшін жедел жәрдем 24/7 режимінде 103 нөмірі бойынша қолжетімді болып қала беретінін айта кеткен жөн.

Өзгерістер шақыртуларға қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасын арттыру мақсатында емханалардың жанынан құрылатын бригадаларға қатысты.  Мобилдік бригадалардың санын көбейту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, балаларға медициналық көмек қажет болған жағдайда, шығу педиатрдың, ал ересек тұрғындарға — бейінді мамандардың (кардиолог, невропатолог және т.б.) қатысуымен жүзеге асырылады. Бұған дейін бір бригада 35 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа қағида бойынша-25 мың адамды қамтиды.

Мобилдік бригаданың жұмысы емхана ұйымдарының жұмыс уақытымен үйлестірілетін болады. Сағат 20.00-ден кейін және демалыс күндері-шақыртуларға қызмет көрсетуді жедел жәрдем бригадалары жүргізеді. Бұл норма жедел жәрдем қызметін ұзақ күтудің төмендеуіне ықпал етеді және тұрғындарға 103 нөмірі бойынша жедел жәрдемді шақырту үшін ешқандай кедергі жоқ», — деді министр.

Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында мұндай түсіндірме жоқ. Жұртты шатастырмас үшін әу бастан осылай жазу керек еді.

JQ-Aqparat

Сурет: Jasqazaq.kz/Gov.kz

 

 

 

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?