Аты шулы Айжан Байзақова туралы сіз білмейтін 5 дерек

29 қантар 2018, 11:31

Аты шулы Айжан Байзақова өзі туралы ел білмейтін деректерді жариялады. Ол Құдайға сенбейтінін және ешқандай дінді ұстанбайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, спорттағы жетістіктері мен жеке қызығушылықтары туралы сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Байзақова өзінің Telegram-дағы парақшасында жазды.

“Бала күнімнен Құдайға сенбеймін және ешқандай дінді ұстанбаймын. Бірақ арқамда тенгри татуировкасы салынған, отбасылық әдет-ғұрып бойынша Құдай сақтасын, Құдай қаласа деп сөйлеймін. Бірақ кесіп айтпаймын, ертеңгі күні шіркеуге баруым да мүмкін, оны ешкім білмейді”, – деп бөлісті Байзақова.

Бұдан бөлек, өзі туралы деректерді келтірген Байзақова таэквондодан қара белбеу иесі екенін айтты.

“Сондай-ақ, бала кезімде жүзумен кәсіби түрде айналыстым. Тенниске қатыстым, 1,5 жыл ат баптадым. Ауылдағыдай ертоқымсыз атқа отыра аламын. Аттан талай мәрте құлағам, денемде одан қалға белгілер көп”, – деп түсіндірді Айжан.

Байзақова алғаш рет 12 жасында Корей еліне саяхаттағанын еске алды.

“Үш ай жарыста болдым. Бұл сұмдық қашан бітеді деп күн санадым. Күніне үш мәрте жаттығып, кәріс жігіттерімен жекпе-жекке шықтым. Олар да аямайды, шыны керек енді Кореяға бармастай болдым. Бұдан кейін кока-кола жарнамасына түсу үшін Африкаға аттандым. Негізі шетелге жарнамамен көп шықтым. 22 жасыма дейін бас-аяғы 12 елде болыппын. Енді Австралияға баруды армандаймын”, – дейді Байзақова.

Жалаңаш суреттерімен танылған Айжан құмар ойынға жақын екенін де мойындады.

“Мен бәске бола Еуропадағы ең қорқынышты америкалық әткеншектерге міндім. Бәстескенді ұнатамын, бірақ адал ойнаймын. Жиі жеңілемін, есесіне қорқынышымды жеңемін. Құмарлық қанымда бар”, – дейді Байзақова.

Желі “жұлдызы” денесінде 6 бірдей татуировка бар екенін мәлімдеді.

“Жалпы сүйікті саным – 6. Туған күнімде, телефон және көлігімнің нөмірінде бұл сан бар. Әзірге денемде 6 татуировка”, – деп түйіндеді сөзін Байзақова.

30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге