Атырауда cарбаз туберкулез менингитінен қайтыс болды. Әскери қызметкер жарты жыл уақыт ауырған, түрлі қалаларда ем алған, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД».
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, әскери қызметкер облыстық ауруханаға 5 мамырда ауыр жағдайда түскен. «Зертхана сараптамалары туберкулез диагнозын растады. Науқас туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылды, арнайы препараттарды қабылдады. Нәтижесінде дерт туберкулез менингитіне айналды», -деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасындағылар қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, мәліметтер әскери прокуратураға жіберілді. Бірақ денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, әскери қызметкер менингококк инфекциясынан көз жұмған жоқ.