jasqazaq.kz

Атырауда киік аулағандардан 335 мүйіз тәркіленіп, 283 млн теңге айыппұл өндірілді

05 желтоқсан 2024, 10:42

Атырау облысында жыл басынан бері киікті заңсыз аулағандардан 335 мүйіз, тегіс ұңғылы 7 қару тәркіленді. Құқық бұзушылардан 283 млн теңге айыппұл өндірілген. 

Атырау облыстық полиция департаменті табиғат қорғау полиция тобының аға инспекторы Нұрлыбек Қанатовтың мәліметінше, кешеден бері «Киік-2024» табиғатты қорғау акциясы өтіп жатыр.

«Бұл акцияны өткізудің бірнеше мақсаты бар. Біріншіден, киік популяциясын қорғап, санын көбейтуге ықпал ету. Екіншіден, браконьерлерге қарсы күрес күшейтіліп, құқық бұзушыларға қатаң жаза қолданылады. Мәселен, биыл жыл басынан бері облыста жануарлар дүниесін қорғауға қатысты 83 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылардан 335 дана киік мүйізі, 7 тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы қаруы тәркіленді», — дейді Нұрлыбек Қанатов.

Ал, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Мереке Шалхаровтың пікірінше, киіктің көбеюіне кері әсер ететін қауіпті себептер бар.

«Алдымен бұл жайт браконьерлікке қатысты болып отыр. Екіншіден, табиғи сипаттағы апаттардың ықпалы бар. Үшіншіден, киік мекендейтін жер азайды. Былтыр 7 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданған еді. Соның нәтижесінде өндірілген қаржы 6,5 млрд теңгені құрады. Ал, биыл тіркелген қылмыстың 4-еуі сотқа жолданды. Киікті заңсыз аулаушылардан 283 млн теңгеге жуық қаржы мемлекет пайдасына өндірілді. Өзге қылмыстық істер екеуі тергеліп жатыр», — деп хабарлады Мереке Шалхаров.

«Охотзоопром «ӨБ» РМҚК бас директордың орынбасары Бақтияр Рамазановтың айтуына қарағанда, қазір ауа райының салқындауына байланысты киіктің көші-қоны ауыстырады.

«Қазір киіктер Атырау облысына қарай бағыт алды. Сол себептен, біздегі арнайы жасақ топтары күшейтілді. Киіктің қозғалысын бақылауға 225 инспектор тартылып отыр. Оларға 150-ге жуық көлік бөлінді», — деп мәлім етті Бақтияр Рамазанов.

inform.kz

Бүгін, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
Бүгін, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
Бүгін, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған