jasqazaq.kz

Атырауда 15 жасар қызды күйеуге күштеп бергені туралы ақпарат тарады: Полиция қылмыстық іс қозғады

26 қыркүйек 2024, 18:09

Әлеуметтік желіде 15 жастағы қыздың жазбасы тарады. Ол өзін 20-дағы жігіт зорлағанын, оның ата-анасы жазадан қорқып екеуін үйлендіру үшін жүгіргенін жазады. Ақырында анасы қызын беруге көнеді.

Қыздың айтуынша, қазір оған күйеуінің туыстары ұрып-соғып күн көрсетпей жатқан көрінеді. Оның үстіне аяғы ауыр.

Атырау облыстық полиция департаменті қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші тарап тергеудің бастапқы кезеңінде қажетті сот-медициналық және психиатриялық сараптамадан өтуден бас тартты. Бұл қылмысты толық тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізуге кедергі келтірді», — делінген Атырау облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

JQ-Aqparat

Сурет: Depositphotos.com
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?