jasqazaq.kz

Атырау: 3 балабақша 16,5 млн теңгені алаяқтық жолмен алған

06 қараша 2024, 10:52

Атырау қаласындағы 3 балабақшаның меңгерушісі мемлекеттен 16,5 млн теңгені алаяқтық жолмен алғаны анықталған. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Атырау қалалық прокуратурасының мәліметінше, қаладағы білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Тексеру санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, медициналық талапқа қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты бірнеше айыппұл салу ұйғарылды. Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 14 жеке, 42 мемлекеттік мектеп пен 30 жеке, 20 мемлекеттік балабақшаға 63 040 900 теңге, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті 9 жеке, 2 мемлекеттік мектепке, 14 жеке, 8 мемлекеттік балабақшаға 4 287 360 теңге, төтенше жағдайлар басқармасы 3 жеке, 1 мемлекеттік мектепке, 20 жеке, 20 мемлекеттік балабақшаға 1 218 360 теңге, білім саласында сапаны қамтамсыз ету департаменті 12 жеке, 47 мемлекеттік мектеп пен 11 жеке, 1 мемлекеттік балабақша 11 795 940 теңге, еңбек инспекциясы басқармасы 2 жеке мектеп пен 4 жеке балабақшаға 1 772 160 теңге айыппұл салды», -деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Білім беру саласындағы тексеру қорытындысымен 260 прокурорлық қадағалау актісі енгізілген. Соның нәтижесінде 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған. Ал, мемлекет пайдасына 82 114 720 теңге айыппұл өндірілді.

«Мемлекеттен алаяқтық жолмен заңсыз 16,5 млн теңге алған үш балабақшаның меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Заңсыз алынған қаржы мемлекетке толық қайтарылды. Қалалық прокуратура балалардың қауіпсіздігі мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын басты назарда ұстайды», — деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

JQ-Aqparat

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда