Атбасар қаласында кәріз құдығынан өлген нәресте табылды, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ішкі істер департаменті.
Атбасар АІІБ кезекшілік бөліміне 7 ақпан күні сағат 11.50-де «Атбасар Су Арнасы» МКК жұмысшысынан хабарлама түскен.
«Жұмысшы Атбасар қаласының кәріз құдығында монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде қыз баланың мәйітін тауып алған. ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама белгіленді»,- деп хабарлады ІІД.
Полиция атап өткендей, аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.