jasqazaq.kz

Ата-анасы 13 баласын байлап ұстаған

16 қантар 2018, 16:16

Полицейлер 2 мен 29 жас аралығындағы 13 баласын жертөледе шынжырлап ұстаған ерлі-зайыптыларды тұтқындады. Оқиға АҚШ-тың Клифорния штатында болған, — деп жазады The New York Times.

Полицияның мәліметінше, 17 жастағы қыз телефонға қолы жетіп, құтқару қызметіне хабарласа алған. Ол ата-анасының өзімен бірге 12 аға-қарндасын қамауда ұстап отырғанын айтқан. Полицейлер 49 жастағы Луиза Анна мен 57 жастағы Дэвид Аллен Турпинді өз үйлерінде ұстады. Louise Anna Turpin Сурет: Riverside County Sheriff’s Department Балалар сасық бөлмелерде төсектеріне байлаулы күйінде табылған. Ер адам мен әйел полицейлердің мұндай қадамға неге барғаны туралы сұрағына жауап бере алмаған. 13 баланың жетеуі 18 және 29 жас аралығындағы ер жеткендер болып шықты. Балаларға мардымсыз тамақ бергендіктен, олардың тым әлсіз болғаны хабарланып отыр. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген. Олардың қамауда қанша уақыт болғаны әзірше белгісіз. Көршілердің сөзінше, олар бұл үйде не болып жатқанынан хабарсыз болған. Тек отбасының соңғы айларда қаржылық жағдайы күрт нашарлап кеткені ғана белгілі.

tengrinews.kz

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан