jasqazaq.kz

Асылы Осман: Ар-ұяттан азғандар болашақта қандай ана болады? (видео)

31 қантар 2018, 17:07


Әжелеріміз «Заман бұзылды ма, адам бұзылды ма? Бүгінгі жастардың ұяты басқашалау» — деп кейіп отыратын. Сонда қартайған адам қайдағыны сөйлей береді екен-ау деп, сөзіне мән бермеуші едік. Көзіміз жетті. Алматының әйдік сауда үйлерінің бірінде екі қыздың жұрттан қымсынбай, сүйісіп отырған видеосы жарияланды. Соны көрген сәтте марқұм әжемнің әлгі кейісі есіме сап етіп орала қалды. Әлеуметтік желіде үлкен дауға айналған қыздардың «махаббат» баянын белгілі ұлт жанашыры Асылы апа Османға айтып едік, өзі де ашынып отыр екен. Ағылып кетті.

— Қазақ қыздарының мұндай әрекеті- озбырлық. Бұл ұлттың арына, намысына кір келтіру. Қазақ ұлын- нарға, қызын- арға балаған. Міне сол үдеден шыға алмай отырмыз. Өзім Оңтүстіктің тумасы болғандықтан салт-дәстүрге берікпін. Тіпті онда қызын есік жаққа отырғызбай, төріне шығарады. Елбасымыз елімізді әлемге танытып, бізден үлгі алғызып жатқанда, қыздарымыздың халқына, ұлтына жат қылық жасағаны еш мыйға сыймайтын дүние. Тәрбие көрген адам болса, осындай оғаш қылыққа бармас еді. Мұндай ардан безген қыздар болашақта қандай ана болады? Өз қызына ұят туралы тәрбиені қалай айтпақ? Олар ұлтқа сөз келтірген арсыз, намыссыз, санасыз, адамдық қасиеттен арылғандар. Мен үнемі қазақтың қыздарымен мақтанып отырамын. Атап айтар болсам, үш ұшқыш қызымыз, Әлия мен Мәншүк ұлт алдында ар-намысын асқақтата білген жандар. Олар не үшін дайын асты жеп, тыныш отырмай, соғысқа аттанды дейсіз? Себебі, ұлтын, елін қорғауы үшін жанын құрбан етті. Салыстырып қарар болсақ, бүгінгі жастың ішетіні алдында, ішпейтіні артында. Барлық жағдайы да жасалған. Осы орайда Абайдың «Қарыны тоқтық, Қайғысы жоқтық, Аздырар адам баласын» дегені дәл осы қыздарымызға арналып айтылғандай. Олар бүгінде рухани байлықтан, ар-ұяттан, адами асыл қасиеттен азып отыр.

JASQAZAQ.KZ

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті