jasqazaq.kz

Асылбек ағай қалай мұғалім атанды?

27 қыркүйек 2024, 14:17

Бәріне ортақ журналистика

Бәріне ортақ журналистика Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Курс қатысушысы Жанар Әукенованың ұстазы жайлы жазбасын ұсынамыз.

Асылбек Саудабеков бүгінде Ескелді ауданында география пәнінің мұғалімі. Ұстаз өзінің өмір жолындағы мамандығына қалай жеткендігін бөліскен еді.
«1990 жылы мектеп бітіріп, 10 жыл бойы алған білімді арқалап арман қала Алматыға тарттым. Ауыл шаруашылығы институтына құжат тапсырып, емтиханнан өте алмадым. Сонымен қойшы құлаған соң Құрылыс техникумына құжат тапсырдым, емтиханнан өтіп едім, конкурс деген бәле бар екен, ол жерде тек әскерге барып келген адамдарды алды, тағы жолым болмады. «Сендер азаматық борышытарыңды өтеп келіңдер, бір жылдан соң сендерді әскерге алып кетеді, бізге ол тиімсіз» деп шығарып салды. Ауылға қайтып келдім. Неге екенін білмеймін өзімді кінәлі санап жүрдім. Сынып жетекшім Сәруар тәтейді, қазақ тілі мен әдебиетінен берген Мәлік ағайды көрдім, құлағанымды айттым. «Әскерден келген соң тағы тапсырып көр, болашағың алда ғой» деп жатыр. Ауылда жүргім келмей Алматыға қайта тарттым. Бұл жолы Құрылыс училищесіне құжат тапсырдым. Ол жерде бір жақсысы алты ай оқып шықсаң бір мамандық алып, Алматыда қалып қалу мүмкіндігі бар. Сонымен әлгі училищеде оқып жүргенде әкем ауырып қалды. Көп жатты Қапалдың ауруханасында, ақыры аяғын кесіп, балдақпен бірақ шықты.

Совхоздың бір отар қойы мойнында еді. Біз Алмабек, Әділбек бауырларымыз бен қойды бағуға кірістік. Сол арада әскерге шақырту алып, 1993 жылы әскерден оралдым. Оқуға түсемін деген арманым орындалмады. Үйдегілерге көмектесу үшін Совхозға жұмысқа орналастым. 1998 жыдың жазында әкем қайтыс болды. Совхоз тараған соң саудамен де айналысып көрдім. Ауылдан сиыр, қой сатып алып, Алматыға апарып көк базарға саттым. 2001 жылы маусым айында үйлендім, келіншегім Арасан ауылында мұғалім еді. Арасанға көшіп, бөлек шықтық. Сол Арасанда 11 жыл тұрыптық. 2005 жылдың жаңа жылын қарсы алған соң келіншегім Назым бір ақыл айтты.Талдыкорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы университетке оқуға тапсырып көр, оқимын деген арманың бар еді ғой деп. Ол кезде баламыз кішкентай еді, сен оқып бітіргенше баламыз мектепке барады деді, әрі кешіксең балаңмен бірге жарысып оқисың ба деді. Мен тәуекелге бел будым, мектептің кітапханасынан кітаптар тауып берді. Түнгі кешекшілікте күзетші бола жүріп босқа отырмай, қарайып қалған білімімді жалғастырып, бас алмай дайындалдым. Өзім бала кезден 5 -ке оқитын георафия пәнін таңдадым. Жазда оқу орнына құжаттар тапсырып, ҰБТ тапсырып, сол жылы мектеп бітірген түлектерден де жоғары балл алып, оқуға түстім. Сырттай оқу болған соң ба, әлде жаңа ереже қабылданған соң ба, тәртібі қатал болды. Көктемдгі сессия 40 күн, күздік сессия 40 күн оқу болды. Қатты тексерді бізді де, сабақ өткізетін мұғалімдерді де. Қазіргі таңда мың баласы бар Ескелді ауданының орталығындағы үлкен мектепте өзінің пәнін сүйетін мұғаліммін. Балаларға білім мен тәрбие беріп, жылда жас түлектердің болашағына қанат қақтырып, армандарына жетуіне үлес қосып жатқан жайымыз бар»,- деп аяқтады әңгімесін ағамыз.

Жазып алған Жанар Әукенова , «Бәріне ортақ журналистика» курсының қатысушысы

21 маусым, 13:05
Ілияс Қазиев: Алматы тұрғындарына сапалы ауыз су жеткізу – басты міндет
20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу
19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін