jasqazaq.kz

Астанаға пойыздың үстіне мініп жетпек болған жігітті ток соқты

11 қантар 2018, 22:03

Көкшетаудың теміржол вокзалында оқыс оқиға орын алды. Қалтасында көк тиыны жоқ 25 жастағы жігіт электровоздың үстіне шығып кетіп, токқа түсті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Электровоздардың аса жоғары кернеулі токпен жүретінін білмеді ме, әйтеуір ол Көкшетаудан Астанаға тегін жетіп алғысы келіпті. Ол тіпті қысқы суық ауа райы жайлы да ойланбаса керек. Сөйтіп, теміржол қызметкерлері көзін ала бере электровоздың үстіне шығып мініп алған. Сол сәтте 29 мың вольт тоқ соғыпты. Екі аяғы жанып, поезд үстінде шырқырап жан дауысы шыққан жігітті көрген өзге жолаушылардың зәресі ұшқан. Оны әрең дегенде электровоздан түсіріп алған теміржол қызметкерлері жедел жәрдем шақырған. Қазір денесінің жартысына жуығын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр.

Елдос Қайыржанов, травматолог-дәрігері:

— Қазір жағдайы өте ауыр. 2 аяғы жанған,күйіктері көп.3-ші 4-ші дәрежеде. Жағдайы түскен кезге қарағанда кішкене жеңілденді. Бірақ өте ауыр науқас болып саналады.

Бүгін, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі