jasqazaq.kz

Астанадағы бір балабақшада 10 бала белгісіз ауру жұқтырған (видео)

08 ақпан 2018, 10:48

Астанадағы №36 бақшаға бір күнде он бала келмей қалды. Ата-аналар сәбилердің астан улануы мүмкін дейді. Кеше кешкісін Динара Салихованың 5 жасар қызы сырқаттанып, жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
Ақ халаттылар ішек инфекциясы деген диагноз қойып, дәрі жазып беріпті. Кешкісін тәбеті болмады. Түнгі сағат екіде қызуы көтерілді.( Құсып, іші өтті. Алты рет құсты. Бала-бақша басшылығы аудандық тазалықты қадағалау бөліміне жағдайды хабарлаған. Мамандардан ешқандай дабыл хабар түскен жоқ,-дейді. Әзірге бөлмені жуып-шайып, залалсыздандыру туралы кеңес берумен шектелген. Нағима Жұмабай, №36 бала бақша меңгерушісі: Ол топта балаларды ұстауға бола ма деп сұрағанымда, болады деді. Кеше 20 бала келген. Он бүлдіршін ауырып қалды, өзгелері балабақшада. Ал кешкісін бала-бақшаға қалалық білім бөлімінің өкілдері келді. Мекемеде болып мән-жаймен жете танысты. Тиісті тексеру жүргізіле бастағанын айтты. Ләззат Оразбекова, Астана қ. білім басқармасының бөлім бастығы: Анық-қанығын біліп алған соң, шешім қабылданатын болады. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

 

 

08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады