jasqazaq.kz

Астанада жаңа туған әр сәби үшін бір ағаштан отырғызылатын болды

04 ақпан 2018, 14:55

Астанада жаңа туған әр сәби үшін бір ағаштан отырғызылатын болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әкімдік қызметкерлерінің хабарлауынша, Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы Азамат» жобасы аясында 2018 жылдың соңына дейін «Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан» атты экологиялық акцияны өткізеді.
Биылдан бастап елорданың денсаулық сақтау нысандарының перзентхана бөлімдері дүние есігін ашқан нәрестелерге ішінде отырғызылған ағаштардың сызбасы мен құттықтау буклеттері бар конверттерді табыстауды бастады. «Бұл акция қоғамды қоршаған ортаны қорғауға, тарихи дәстүрді сақтауға шақыруды, экологиялық білімді іс жүзінде насихаттауды, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға, салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілік сезімін оятуды, қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруды, жастарды ел игілігі үшін игі істер жасауға шақыруды көздейді», — дейді мамандар.
Экологиялық акцияны ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, елордада туған нәрестелердің құрметіне отырғызылған көшеттер «Астана қаласының жасыл белдеуінің» аумағында орналасады.
Айта кетейік, «Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан» акциясы басталғалы бері Астана қаласының №1, №2, №3 перинаталды орталықтарында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына 1704 құттықтау хат тапсырылған.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады