jasqazaq.kz

Астанада түрмеден қашқан қылмыскердің әкесі сұхбат берді

01 наурыз 2018, 18:24

Астанада тергеу абақтысынан қашып, елді дүрліктірген Ерасыл Арғымбаев ауру ағасы мен науқас баласын емдету үшін ақша ұрлаған. Бұл туралы оның әкесі Қайыргелді Арғымбаев айтты деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

36 жастағы Ерасыл екі бүйрегінен айырылған ағасы мен жүрек ауруына шалдыққан ұлын емдету үшін ақша таба алмай тығырыққа тіреліпті.
«Сенің балаң да, ауру менің балам да ауру. Екеуінің біреуіне көмектесе алмаймын ба, соны түсініңізші деді. Ештеңеге ұрынып жүрме дедім. Аңсап туған Аңсар деген баласы жүрек дертімен дүниеге келді. Қайтсемде ақша табамын деп жүріп, банкоматты тонапты», — деді әкесі Қайыргелді Арғымбаев.
Осы ұрлығынан кейін 1,5 жылдан соң Ерасыл Арғымбаев 6 жылға сотталған. 5 жыл өтеген кезде түрме қызметкерлерімен арада келіспеушілік болып, соңы төбелеске ұласқан. Осы оқиғадан соң колония басшылығы оның үстінен тағы іс қозғап, тергеу абақтысына жіберген. Әкесінің айтуынша, Ерасыл түрмедегі қорлыққа шыдай алмай тәртіп бұзыпты.
«Осындай тәртіпсіздігі үшін олар үстінен арыз жазған. Иттік қой бұл. Өздері тиісіп, өздері тәртіпке бағынбады деп тағы үш жыл берген. Артынан тергеу абақтысына әкеліп, онда да мазақ қылған. Әбден ығыр болған балам қашуға бел буған» ғой деп ашынып отыр әкесі.
Биіктігі 2,5 метр тергеу изоляторының қоршауынан қарғып шығып, құқық қорғау мекемесін аяғынан тік тұрғызған Ерасылдың әрекетінен соң, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов абақты ғимараты талапқа сай келмейді деп мәлімдеді. Алайда сенатор Дулат Құсдәулетов ішкі істер министрінің бұл сөзімен келіспей отыр. Себебі, Астананың шетіне көшірілген тергеу абақтысының қолданысқа берілгеніне көп болмаған.
Тергеу абақтысынан қашқан Ерасыл Арғымбаев енді тағы үш жылға сотталауы мүмкін. Әділдік іздеген әке баласының қылмысын мойындағанымен, түрмедегі тәртіпті де қадағалау қажет деп отыр.
Бейсен Нарынбек, Астана қаласы

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді