jasqazaq.kz

Астанада мейрамхана алаяғы ұсталды

15 наурыз 2018, 11:56

Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана мен Алматыда орналасқан мейрамхана әкімшілеріне қатысты жасалған бірқатар алаяқтық ісі ашылды.

Алаяқтық әрекеттерімен жалпы сомасы екі миллион теңге залал келтірген ер адам ұсталды, деп түсіндірді ІІД-де. Қазіргі таңда 15 іске қатысы бар күдікті тергеліп жатыр. Полицейлер анықтағандай, алаяқ телефон арқылы мейрамхана басшыларына өздерін қала әкімдігінің немесе ұлттық компаниялардың өкілі ретінде таныстырып, банкет жасауға ниетті екендіктерін білдіреді және қонақтар арасында танымал адамдардың болатынын хабарлайды. «Тапсырыс беруші» банкеттің төленетінін ескертіп, дастарханға менюде жоқ қымбат ішімдіктер қоюларын сұрайды. Алаяқ мейрамхана өкіліне ондай элиталы ішімдіктерді қандай дүкендерден алуға болатынын айтады. Алайда, алаяқ бірнеше уақыттан кейін мейрамханаға қайта хабарласып, сол дүкенде жүргенін айтып, Qiwi-әмиянға ақша салып жіберсе қажетті ішімдікті өздері ала салатынын мәлімдейді. Рестораторларды банкет аяқталғаннан кейін есептесуге көндіреді. Зардап шегушілер банкеттік тапсырыстан бас тартпау үшін, қымбат ішімдіктерді алуға ақша аударған. Кейін «банкетке тапсырыс берушілер» телефондарын өшіріп, ізім-ғайып жоқ болады.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен