Желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінде шыққан өрттің видеосы таралып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы Nova city тұрғын үй кешенінің 7-қабатында орналасқан пәтерден өрт шыққан. Куәгерлер жолдаған видеоға қарағанда, құтқарушылар балаларды терезеден тосып тұрды. Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің мәліметінше, барлығы 5 адам құтқарылды. Сондай-ақ, комитет өкілдерінің мәліметінше, өрт жайлы хабар бүгін, 2 наурызда сағат 14.19-да түскен. «Осы хабарлама бойынша сағат 14.20-да оқиға орнынан 4 негізгі өрт көлігі, 3 арнайы өрт көлігі мен жеке құрамнан 26 дана көлік жұмылдырылды. Сағат 14.27-де кезекші бөлімнің қызметкерлері тоғыз қабаттты Nova City тұрғын үй кешенінің 7-қабатында орналасқан пәтерде шыққан өртті сөндіре бастады. Өртті сөндіру барысында 5 адам құтқарылды. Өрттің аумағы — 15 шаршы метр», — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК өкілдері. Өрт сағат 14.52-де ауыздықталды.