jasqazaq.kz

Астанада эскалатор екі жасар қызды қысып қалды (видео)

22 мамыр 2018, 17:20


Астананың орталық базарында екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды.

Tengrinews.kz  хабарлағандай, жантүршігерлік оқиғаның видеосын әлеуметтік желі қолданушылары таратып жатыр. Видеожазбаның кадрларынан бірнеше куәгердің эскалаторға қысылып қалған қызды шығарып алуға тырысып жатқанын байқауға болады. Астана әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер видеодағы деректі растады. Олардың мәліметінше, оқиға 22 мамырда Елорданың орталық базарында болған. «Эскалатордағы ақаудың салдарынан 2 жасар қыз зардап шекті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызға медициналық көмек көрсетіп, шұғыл түрде №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізді», — деп хабарлады әкімдік өкілдері. Мамандар ауруханада қызды қарап, қолына гипс таңып берген. «Қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты, ол амбулаторлық жағдайда емделеді», — деп хабарлады ведомстводағылар.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен